09:52, 25 Қараша 2015 | GMT +5
Алматы облысында мемлекеттік сот орындаушысы 3 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбекші қазақ аудандық сотында мемлекеттік сот орындаушысы Р.Дәрімбаевке қатысты сот үкімі жарияланды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, жылжымайтын мүлікке салынған тыйымды жылдам (аз уақытта) алу үшін Р.Дәрімбаев Есік қаласының тұрғынынан 125 000 теңге пара алған.
Ол ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымды орындардан шеттетілді.
Үкім заңды күшіне енбеді.