Алматы облысында мүмкіндіктері шектеулі жандарға көбірек назар аударылып келеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында мүмкіндіктері шектеулі жандарға көмек көрсетуге бөлінетін қаржы артып келеді. Бұл туралы облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Гүлнәз Тілеуберлинова «дөңгелек үстел» отырысында мәлім етті.
None
None

Маманның айтуынша, егер 2009 жылы бұл мақсатқа 1,9 миллиард теңге бөлінсе, ағымдағы жылы бұл сома 2 миллиард теңгеге жетіп отыр. Мүгедек жандардың шипажай-курорттық емделулеріне қарастырылған қаржы 16 миллион дерлік теңгеге артты. Мүгедектерге арналған қоларбалардың мәселесі де шешілді. Гигиеналық заттарға қарастырылған, жеке көмекшілер мен ым тілі мамандарының қызметтерін қаржыландыру сомасы да едәуір артып отыр.

Бүгінде облыста 200-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істесе, олардың 20-дан астамы мүгедектермен белсенді жұмыс істейді. Олардың қатарында талдықорғандық «Жәрдем», «Алпамыс», «Ерлік» қоғамдық бірлестіктері, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарының үкіметтік емес ұйымдары, т.б. бар.

Соңғы жаңалықтар