11:23, 21 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Алматы облысында өнеркәсіп базасы аумағындағы вагон өртеніп, күзетші қаза тапты
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында «Алматы-Қапшағай» автожолының 23-ші шақырымында «Лигай» ЖК өнеркәсіп базасының аумағындағы тұрғын жайға арналған вагон өртенді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің атап өтуінше, 20 желтоқсан күні орын алған өрт орнынан 38 жастағы күзетшінің мәйіті табылды. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің бөлімшесі жеткенше өшірілді.