Алматы облысында «Өңір» депутаттық тобының көшпелі отырысы өтті

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы «Өңір» депутаттық тобы Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді. Бұл басқосу Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясат» тақырыбы бойынша өтті.
None
None

Шараға «Өңір» депутаттық тобының мүшелері - сенаторлар Ермек Жұмабаев, Қуаныш Айтаханов, Владимир Бобров, Асхат Күзеков, Нұрлан Сүлейменов, Орынбай Рахманбердиев, Ләззат Тұрлашов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Қайрат Әбсаттаров, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Биліктің заң шығару тармағы мен аймақтарды мемлекеттік басқару органдарымен біздің бірлескен жұмыстарымыз аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Парламент Сенатының депутаты, «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Ермек Жұмабаев.

Сенатор Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары: әлеуметтік кепілдік және жеке жауапкершілікті жария еткенін атап өтті. Қазақстан Президенті біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын жаңғыртуды, оны тиімділігін мейлінше арттыруды ұсынып отыр. «Экономиканың өркендеуін ескере отырып, өмір сапасын бірте-бірте көтеруді көздейтін әлеуметтік төменгі стандарттар мен азаматтарға арналған кепілдіктер заң жүзінде белгіленетін болады. Бұл ретте мемлекет тек мұқтаж жандарға - зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, сырқат балаларға және басқаларға әлеуметтік қолдау көрсетеді, ал жұмыссыздарға жаңа кәсіп меңгеріп және қайта даярлықтан өтсе ғана әлеуметтік қолдау жасалатын болады», - деп атап өтті Е.Жұмабаев.

Сенатор сондай-ақ «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын және «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасын іске асыру және оның келешегі туралы айта келіп, отырыс қорытындысы бойынша оны мезгілінде және сапалы жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар әзірленетінін атап өтті.

«Өңір» депутаттық тобының «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы - қазақстандықтарды жұмысмен қамтудағы орнықтылықтың басты факторы» тақырыбы бойынша өткен отырысының барысында сенатор Владимир Бобров сөз сөйледі. Депутат жоғары еңбек өнімділігі мен лайықты еңбекақысы бар тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы Үкіметтің басты құралы екенін атап өтті.

«Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы 3 жылдың қорытындысы бойынша белгілі бір оң нәтижелер байқалып отыр. Жалпы ішкі өнімнің ұлғаюына қол жеткізуде негізгі үлес қосуда өндіру салалары алғаш рет кенжелеп қалып отыр. Бұл ретте ІЖӨ-нің нақты жалпы өсімі негізгі жұмыс орындарының 19,4 пайызы еншісіне тиетін өңдеу өнеркәсібінде ең жоғары өсімге қол жетті, ондағы көрсеткіштер 2008 жылға қарағанда 2012 жылы 22,6 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің іс жүзінде барлық салаларында өндіріс көлемінің арта түскені байқалды», - деп атап өтті В.Бобров. Ол бағдарламаны іске асыру барысында кәсіпорындар құрылысы кезінде 220 мың жұмыс орындары ашылатын 779 жобаны іске қосу көзделетіні және жобалар іске асатын барлық кезеңде 181 мың тұрақты жұмыс орындары болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар