08:23, 28 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Алматы облысында өрт салдарынан 3 бала қаза болды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында «Береке» саяжай қоғамындағы тұрғын үй өртенді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Оқиға орнынан өртке қарсы қызмет келгенгенге дейін көршілер үйден 3, 2 және 1 жасар үш баланы ауруханаға жеткізді, алайда олардың күйіктен алған жарақаты мен газ иісі тигендіктен көп ұзамай көз жұмды.