07:36, 25 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматы облысында өрт салдарынан бір адам көз жұмды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам мен 2 техника жұмылдырылды.
Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға орнынан 1980 жылғы ер адамның мәйіті табылды.