19:37, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Алматы облысында отандасын өлтірген өзбек әйелі қолға түсті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, өз отандасын өлтірді деген күдікпен Өзбекстанның 29 жастағы азаматшасы ұсталды.

Аталған факт Қарасай ауданында тіркелді. Нақтырақ айтқанда, 17 маусымда Қаскелең қаласының ауруханасына пышақталған 39 жастағы Өзбекстан азаматын жеткізіліп, сонда есін жимастан қаза тапты.
«Қылмыс спирттік ішімдікті ішу барысында орын алғаны анықталды. Күдікті екі тәуліктен кейін ұсталып, қамауға алынды» - деді облыстық полицияда.
Қазір ҚР ҚК 106-бабында қарастырылған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.