Алматы облысында өз анасын өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысында өз анасын өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды. Қазір ол өзінің сыбайласымен бірге Талғар аудандық ішкі істер бөлімінде қамауға алынды.
None
None

Сот-медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, егде жастағы әйелді ұрып-соққан және тұншықтырған.

Белгілі болғандай, қылмыс 7 қараша күні ішімдік ішкеннен кейін болған. Арада жанжал шыққаннан кейін, 40 жастағы әйел бөтелкелесімен бірге өзінің анасын шалбардың белбеуімен қылқындырып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыру үшін зейнеткер әйелдің денесін олар жекеменшік үйдің сыртында орналасқан дәретханадағы шұңқырға тастаған.

Оқиға орнынан айғақ зат болатын шалбарға тағатын белбеу табылған. ҚР ҚК 96-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар