22:57, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматы облысында Өзбекстанның 5 азаматы газбен уланып, көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында Өзбекстанның 5 азаматы газбен уланып, көз жұмды.

«2016 жылдың 2 қаңтары күні Қаскелең қаласының №1 өрт сөндіру бөліміне Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар аулында газбен Өзбекстанның 10 азаматы уланып қалғаны жөнінде хабарлама түсті. 3 ересек адам мен 2 бала жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. 5 адам ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық ТЖД.