10:24, 22 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Алматы облысында полицейлер бір топ адамды қар құрсауынан шығарды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының 140-шы шақырымында екі машина қар құрсауына тап болды.

Қар құрсауында қалған адамдарды жолдың бойын қарап жүрген «Борт-34» жол-торуыл қызметінің экипажы тауып алды.
«Ниссан Премьера» және «БМВ» автомашиналарында сегіз адам болды, олардың арасында екі жастағы қызымен және 4 жасар ұлымен бір әйел болған. Олар шұғыл түрде Үшаралға жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізілгеннен кейін туыстарына жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.