Алматы облысында полиция көлігіне оқ атқандар ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полиция көлігіне оқ жаудырды деген күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға 29 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында болған.
Облыстық ІІД мәлімдеуінше қазір күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 293-бабының бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кеткен.
Қылмыстық істі Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары қолға алып тексеру үстінде. Қолға түскендер бұзақылық фактісі бойынша жауапқа тартылуда.