19:46, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
Алматы облысында полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылынан 16 шақырым жерде аудандық ішкі істер бөлімінің бөлім бастығы аң аулауға арналған қарудың өздігінен атылуы салдарынан абайсызда АІІБ инспекторын жарақаттап алды. Тәртіп сақшысы алған жарақатынан қаза тапты.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, абайсыздан адамды өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 104-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.