01:27, 30 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматы облысында пошта қызметкерлеріне 18 көлік берілді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ-ның Алматы облысындағы аудандық және қалалық бөлімшелеріне 18 автокөлік берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматы облыстық және Талдықорған қалалық филиалдарының бұл қуанышымен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтады. Шараға «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Мұхит Кәрібаев та қатысты.
Б. Өнербаев «Лада», «УАЗ», «ВАЗ», «IVECO», «ГАЗ», «Hyundai» маркалы жаңа автокөліктердің кілтін беру салтанатына қатысты. Бұл көліктер Жамбыл, Іле, Сарқан, Кербұлақ, Райымбек, Ұйғыр, Талғар аудандарына, Талдықорған мен Текелі қалаларына бөлінетін болады.