Алматы облысында психикалық науқас әйел бірге тұратын ерін оқтаумен ұрып өлтірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Қылмыс Алматы облысындағы Балқаш ауданының Желтораңғы ауылында тіркелді.
None
None

Мұндағы үйлердің бірінен 64 жастағы ер адамның зорлықпен өлтірілген мәйіті табылды.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, жәбірленушінің өлімі жабық бас-ми жарақатынан болды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала тергеу барысында ер адаммен бірге тұрған 50 жастағы әйел әшкереленді. Өзінің мойындау түсініктерінде әйел қылмыстың мас болғаннан туындаған ұрыстың салдарынан болғанын атап көрсетті. Сонымен қатар әйелдің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Полицейлердің айтуынша, оны ұстау кезінде психикалық ауруға шалдығуы анық байқалды. Қылмыс қаруы - қарапайым асүйлік оқтау, полицейлер оны оқиға орнынан айғақ дәлел ретінде алып кетті.

Қазіргі уақытта күдікті әйел қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар