Алматы облысында республикалық маңызға ие жолдар жабылды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа-райының қолдайсыздығына байланысты бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25 желтоқсан сағат 11-00 ден бастап ауа-райының нашарлауына (қатты жел, боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожолдың Қоғалы кенті 40-ші мен Басши ауылы 80-ші шақырымында жол жабылды.
Сондай ақ сағат 15-30-дан бастап ауа-райының нашарлауына (қатты жел, боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Ұшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жол жабылды.