13:17, 20 Маусым 2016 | GMT +5
Алматы облысында сал ауруымен ауыратын қызды зорлаған қылмыскер қолға түсті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 18 маусымда Жамбыл АІІБ-ге белгісіз ер адам сал ауруымен ауыратын 16 жастағы қызды зорлағаны туралы шағыммен Жайсан ауылының тұрғыны жүгінді.

Күдікті көрші Қайназар ауылының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қызбен әлеуметтік желіде танысқан, үйінен шығарып алып, көлікпен ауыл сыртына апарып, зорлаған.
Ол түсінік бергенде жәбірленушінің кәмелеттік жасқа толмағанын білмегенін айтты. Алайда көрінер көзге қыз өз жасынан кіші көрінетіні анық байқалады», - деді Алматы облысы ІІД-де.
Факті бойынша сот алды тергеу басталды. Күдікті әзірге 72 сағатқа ұсталды. Алайда бүгін Жамбыл АІІБ тергеушілері оны тұтқындауды санкциялау туралы қолдаухат берді.