17:16, 31 Мамыр 2013 | GMT +5
Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы Райымбек ауданының Кеген ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш ашылды.

Ескерткіш Ашадан Зыкаевқа арналған. Ол Қазақ КСР Алматы облысы Кеген ауданының ауылкеңес төрағасы болған, Ораз Жандосовтың сенімді серігі.
Ашадан Зыкаев 58-бап бойынша айыпталып, Магаданға жер аударылған. 1939 жылы 11 наурызда қайтыс болған.
Мемориалды «АШАДАН» - мәдениет пен өнер саласындағы қоғамдық бастамалар мен білім беру бағдарламаларын қолдау мен дамыту қоры орнатқан. Бұл қордың мақсаты - рухани дәстүрлерді жаңғырту және жалғастыру, ұлтқа адамгершілік тәрбие беру.