Алматы облысында шаруа қожалығына шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында шаруа қожалығына шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлады өңірлік ІІД.
None
None

«Ұялы телефоннан Іле АІІБ кезекші бөлімінің «102» арнасына белгісіз ер адамдар Ақши ауылында орналасқан шаруа қожалығына баса-көктеп кіріп, күзетшіні ұрып-байлап тастап, 15 қой-ешкіні ұрлап кеткені туралы хабар келіп түсті», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен адамның айтуынша, қылмыскерлер Газель машинасына мініп тайып тұрған, ол көліктің мемлекеттік нөмірін ішінара есте сақтап қалған. Дегенмен машинаның белгілері Іле ауданындағы барлық жол-торуыл полициясының экипаждарына берілді. Көп кешікпей торуыл экипаждарының бірі айтылған белгілерге ұқсас Газель автмошинасы «Алматы-Астана» автожолымен кетіп бара жатқанын хабарлады. Полицейлер трассаның 59-ы шақырымында машинаны тоқтатты. Салондағы күдіктілер ұсталып, таяу маңдағы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Автомашина қорабындағы ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі кезде көршілес Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары болып шыққан үш күдікті Іле АІІБ-іне қамалды. Тонаушылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар