Алматы облысында сібір жарасына қарсы вакцинаның 30 мың дозасы малға егілмей сақталып келген

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының прокуратурасы Кербұлақ ауданының ветеринарлық станциясын тексеру барысында көптеген бұзушылықтарды тапты.
None
None

Облыстық прокуратура басқармасының басшысы Сәбит Чембеков хабарлағандай, барлық ауылдық округтерде сібір жарасына қарсы вакцина қойма мен жертөлелерде сақталған. Ал Сарыбұлақ ауылында Сібір жарасына қарсы биопрепараттардың  31900 дозасы табылды, ал ол болса құжат бойынша малға әлдеқашан егіліп кеткен екен.

Сонымен бірге бруцеллезге шалдыққан ірі қара ауру анықталғаннан кейін 15 күн ішінде емес, 20-25 күн өткен соң ғана сойылғаны белгілі болды. Сондай-ақ сібір жарасына қарсы малды вакциналау актілерін тексеру кезінде онда мал иелерінің қолдары мен кей жануарлардың құжаты болмаған.

Кербұлақ ауданын тексеру қорытындысы бойынша, барлық бұзушылықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін іс материалдары қылмыстық тергеу органдарына тапсырылды.

Айта кетейік, 2016 жылдың 7 маусым күні Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылының аудандық ауруханасына түйнеме жұқтырды деген күдікпен  Қарашоқы ауылының 3 тұрғыны жатқызылған болатын. Дәрігерлердің сараптамасынан кейін күдік расқа шықты. Қазіргі кезде олар толық емдеу курсынан өтіп, үйлеріне қайтарылды. 

Соңғы жаңалықтар