Алматы облысында Сирияға аттанбақ болған екі салафит 6 жылға сотталды

Тергеу барысында анықталғанындай, Б.Жүнісов пен Б. Мұхамеджанов өздерінің діни білімін кеңейту мақсатында әртүрлі діни уағыздар жасайтын сайттарға кіріп отырған. Олардың арасында террористік ұйым ретінде тыйым салынған Ирак пен Ливан Ислам мемлекеті (ДАИШ) тарататын сайттар да бар. Нәтижесінде ДАИШ идеяларына шырмалған олар Ислам мемлекетін күшпен орнатуға, яғни «Халифаттық» идеясы үшін күресуге үлкен мән бере бастайды. Тіпті зайырлы өмір салтын жоққа шығарып, террористік ұйымдарға қосылып, ұрыстарға қатысу үшін Сирияға баруды да ойластырған. Әлеуметтік, діни алауыздықты қоздыруға соқтыратын әрекеттерге барып, терроризм идеологиясын үгіттеген.
«Қарасай аудандық соты оларды айыпты деп танып, жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтеу үшін алты жылға бас бостандықтарынан айырды», - делінген баспасөз баянында.