23:10, 22 Қараша 2015 | GMT +5
Алматы облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 36 фермерлік қожалық құрылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 36 фермерлік қожалық құрылды, олар 1903 аналық, 89 асыл тұқымды бұқа малын сатып алды.

12 фермерлік қожалықтың 1347 аналық ірі қара басты сатып алуы мақұлданды, несие комитетінде 1495 мал басына құжаттар қарастырылуда.
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы фермерлер ірі қара мал аналықтары мен ет өнімдері ретінде өндіру үшін бұқа малын сатып алуға несие ала алады. Несиені агроөнеркәсіптік кешен субъектілері алу мүмкіндігіне ие. Олар: заңды және жеке тұлғалар болып тіркелген шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер, несиелік серіктестіктер. Несие мерзімі - 7 жыл. Ал бағдарлама операторы - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ.