Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауларының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында "Сыбайлас жемқорлықсыз ел - өркендейтін ел" атты партиялық жобаның аясында өткен республикалық байқау нәтижелері шығарылды.
None
None

«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы үш байқауға белсене атсалысты. Олар: «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбындағы ең үздік бейноролик, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына карикатура байқауы және 11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды білуге дистанциялық олимпиада.

«Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбындағы ең үздік бейноролик байқауы қорытындысында бірінші орынды Алматы облысындағы «Жастар саясаты орталығының» қызметкері Олжас Рахымжанов иеленді. Ал республика бойынша 7 мың жоғары сынып оқушысы қатысқан 11 сынып оқушылары арасында өткен дистанциялық олимпиадада Ескелді ауданының Н.Алдабергенов атындағы мектебінің оқушысы Александра Павлова ІІІ орын иеленді. Партияның облыстық филиалының алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен Ескелді, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Қаратал аудандары мен Қапшағай және Талдықорған қалаларының 19 жоғары сынып оқушысы марапатталды. Алматы облысынан бұл байқауға 1300-ден астам оқушы қатысты.

Соңғы жаңалықтар