Алматы облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 735 дерегі анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Балқаш-Алакөл экологиялық департаментінің Алматы облыстық филиалы 2008 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатын ұйымдастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Департамент бастығының орынбасары Ерлан Қойшыбаевтың айтуынша, экология департаменті облыстық филиалы қызметінің басты міндеттері: аймақта қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорғау заңнамалары мен экологиялық талаптар нормативтері сақталуына бақылау жасау, аймақтық деңгейде қоршаған орта және табиғи ресурстар жүйесіне мониторинг ұйымдастыру, экологиялық тәрбие және білімді насихаттау. Мемлекеттік экологиялық инспекция 2008 жыл ішінде 1161 тексеру жүргізіп, табиғат қорғау заңнамалары 735 рет бұзылғанын анықтады және заң бұзушыларға 22 млн. теңгенің үстінде айыппұл салды. Экологиялық талаптарды үнемі бұзғаны үшін 8 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды. Өкілетті мемлекеттік инспекторлар табиғат пайдаланушыларға 610 ескерту жолдады.
Соңғы жаңалықтар