Алматы облысында «Талдықорған әуендері» атты фольклорлық-этнографиялық ансамбль құрылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ -Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде «Талдықорған әуендері» атты фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің таныстырылымы болды.

Бұл ансамбль 2011 жылдың тамыз айында дарынды жастарды анықтау мен оларды өнерге қызықтыру үшін құрылған еді.

Қала әкімдігі хабарлағандай, бұл ансамбль бүгінгі күні музыкалық білімі бар жастардан ғана құрылған қаладағы бірден-бір шығармашылық ұжым болып табылады. Олар жетісулық ақындар мен композиторлар жазған өлеңдерді орындайды. Музыкалық ұжымда 46 орындаушы бар. Ансамбльдің жетекшісі - Аманжол Әбутәліп.

Ансамбльдің құрылуына бюджеттен 47 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күні 2 көлік, музыкалық аспаптар мен аппаратура, сондай-ақ сахналық киімдер және басқа да қажетті жабдықтар сатып алынған.

Соңғы жаңалықтар
telegram