Алматы облысында тәркіленген 500-ден аса қару балқытуға жіберілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тәркіленген 500-ден астам қару жойылуға жіберілді. Полицейлер алдымен оларды бөлшектеп, сосын арамен кесіп, қаруланған күзет көмегімен балқытуға жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында тәркіленген 500-ден аса қару балқытуға жіберілді

«Жойылу алдында кез келген қару алдымен барлық базаларда тексеріледі, оның тарихы айқындалады. Балқытуға жіберілмей тұрып, олар бөлшектеліп, бұдан кейін атуға жарамас үшін ұңғысы істен шығарылады. Биыл 500-ден астам қару жойылуға жіберілді. Енді олардан ел игілігі үшін пайдалы өнімдер құйылатын болады», - деді Алматы облыстық Полиция департаментіндегі Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Бақыт Алпысов.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, былтыр 3581 дана тәркіленген қару мен 6000 астам оқ-дәрі және 57 бірлік жарылғыш зат жойылған.

Айта кету керек, кейбір сирек кездесетін қару түрлері арнайы рұқсатқа сәйкес мұражайларға экспонат ретінде қойылуы мүмкін.