21:47, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Алматы облысында тәулік ішінде төрт асыл тұқымды ұрланды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тәулік ішінде төрт асыл тұқымды итті қолды еткен. Ұрланған иттер белгілі «алабай», «фокстерьер» және «лайка» тұқымдас иттер.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, соңғы тәулікте Алматы облысының Қарасай, Кербұлақ аудандарында ит ұрлау фактілері тіркелген.
Әр ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияда қылмыс жасаған күдіктілер анықталып, ұсталғандығын атап өтті.
Қарасай ауданында жәбірленуші алабайды 20 000 теңгеге бағаласа, Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны өз итін 15 000 теңгеге бағалаған.
Сарыөзек тұрғынына тиесілі «Фокстерьер», «лайка» тұқымдас иттер әрқайсысы 15 000 теңгеге бағаланды.
Полицейлердің айтуынша, бөтен итті ұрлағандар 19-30 жас аралығын қамтиды.
Қазіргі уақытта өңір полицейлері ұрланған иттерді тауып, заңды иелеріне қайтарды.