Алматы облысында тербелісі 4,5 балл жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында тербелісі 4,5 жер сілкінді.
None
None

«20 ақпанда алматы уақытымен 14 сағат 27 минут 31 секундта жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 240 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9., MPV тербелісі - 4,5. Жер сілкінісі ошағының координаттары 44.66° с.е. 79.13° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым.

Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер жоқ», - делінген «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар