Алматы облысында тіркелген заңбұзушылықтардың ішінде лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері кең тараған

ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында кең тараған сыбайлас жемқорлық лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыс соттары жеқорлық қылмыстары бойынша 19 қылмыстық істі қарады. Алматы облысының прокуратурасынан хабарлағандай, сегіз адам - сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталса, үш адам - бөтеннің мүлкін қымқырғаны үшін, екі адам - пара бергені үшін, тағы бір адам - жалған құжаттар жасағаны үшін сотталып отыр.

Сотталғандардың қатарында 1 селолық округ әкімі, 5 ішкі істер қызметкері, 1 білім саласының қызметкері, 2 әділет саласының маманы, 1 жер қатынастары бөлімінің маманы және т. бар.

Соңғы жаңалықтар