Алматы облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамытуға 18 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды

ДЫҚОРҒАН. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов әкімдіктің отырысын өткізді, онда «Алматы облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жайы және оны дамыту мен жаңарту шаралары» деген мәселе қаралып, талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа аудан, қала әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандық және қалалық мәслихаттардың хатшылары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автожолдар бөлімдерінің бастықтары,  партия және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Кеңесте сөйлеген облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ызғарбек Бектұрсынов соңғы үш жылда Алматы облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамытуға 18 миллиард теңге, соның ішінде Жол картасын жүзеге асыруға - 4,8 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Коммуналдық салада алты мыңнан астам адам жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ жылумен қамту саласында 890 адам жұмыс істейді, жылу желілерінің жалпы ұзындығы 296 шақырымды құрайды. Облыс орталығында жыл сайын он шақырымнан астам жылу желілері жөндеуден өтеді. Жол картасы ауқымында жылумен жабдықтауды дамытуға екі миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Ал алдағы жылу маусымына дейін - 3,5 миллард теңге жұмсалмақ. Қазірдің өзінде 30 мың тонна дизель отыны және 27 мың тонна мазут сатып алынды. Оның үстіне өткен жылу маусымынан қалған 25 тонна дизель отыны және 16 мың тонна мазут бар.

Ы.Бектұрсынов электрмен жабдықтау жөнінде айта келіп, тұтыну қажеттігінің жартысы ғана облыста өндірілетінін айтты. Облыстың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гидро және жел энергетикасы бағдарламалары жүзеге асырылуда. Мойнақ су-электр стансысы және Балқаш жылу-электр стансысы салынуда, Талдықорғанда жылу-электр орталығы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды.  2016 жылға дейін 28 шағын су-электр стансыларын және бес жел энергиясы стансысын іске қосу жоспарлануда. Бұл шараларға Жол картасына сәйкес 146 миллионнан астам теңге қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар