Алматы облысында тұрғын үйде үш адам жанып кетті

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - 14 наурыз күні түнгі сағат бір жарым шамасында Алматы облысы Текелі қаласының Рудничный кентінде төрт пәтерлі үйдің №1 және №2 пәтерлерінен өрт шықты.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт толығымен төрт сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы, Рудничный кенті бойынша ерікті өрт сөндіру жасағының 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құрады. №4 пәтерден үш адамның - 54 жастағы ер адам мен 56 және 37 жастағы әйелдердің мәйіттері табылды.

Соңғы жаңалықтар