Алматы облысында Түркия азаматтары қазақстандықтарға қарағанда 4 есе артық жалақы алады

Облыс прокуратурасынан хабарланғандай, «РОТОПАК» ЖШС тексеру кезінде фирма құрылғаннан бері бас директор қызметінде ҚР азаматы жұмыс істегені мәлім болды. Оның жалақысы 125 000 теңгені құраған. Алайда ЖШС-нің бас директоры лауазымына шетелдік қызметкерді тартуға рұқсат алынған соң, ол қызметке Түркия азаматы тағайындалды. Оның жалақысы 518 000 теңген құрады. Дегенмен қызметтік нұсқауларға өзгертулер енгізілмеген. Осылайша ол сол қызметті атқарып отырған қазақстандық әріптесіне қарағанда жалақыны 4 есе артық алып отырғаны анықталды.
Оған қоса «Эфес Қазақстан» шетелдік кәсіпорнын тексеру барысында анықталғандай, экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары - Түркия азаматының жалақысы 2 450 500 теңген құраған. Сонымен қатар коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары - Түркия азаматы ай сайы 2 841 000 теңге алып тұрған. Айта кетейік, бұл тұста осы қызметтерді атқарып отырған қазақстандық қызметкерлер 900 000 теңге алып тұрған.