Алматы облысында түрмеге жіберілген етіктен есірткі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында темір тордың арғы жағында отырған адамға жіберілген аяқ киімнің ұлтарағының астына есірткі жасырылған, деп мәлім етті ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында түрмеге жіберілген етіктен есірткі табылды

«Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан  ЛА-155/4 түзету мекемесінің қызметкерлері сотталушыға жіберілген сәлемдемені тексеру барысында, қысқы кроссовканың ұлтарағының астынан целлофанға оралған белгісіз зат тауып алды. Арнайы сараптама табылған заттың салмағы 65 грамм гашиш екендігін анықтады», - деп жазылған ведомство хабарламасында.  Аталған іс бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті.

Осыған ұқсас оқиға Павлодар облысында да тіркеліп отыр.

«Павлодардағы тергеу изоляторының сәлемдеме тапсыру бөлмесінде қала тұрғыны қолға түсті. Оның қамауда отырған адамға тапсырған заттарын тексеру барысында тосаптан босаған пластмасса ыдыстан марихуана табылды. Арнайы сараптама табылған ораманың есірткі екендігін анықтады», - деп хабарлайды ҚАЖ.