Алматы облысында түйе шаруашылығы мен шұбат өндірісі дамытылуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Іле ауданында түйе шаруашылығы мен шұбат өндірісін дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, іс-шараға аймақ басшысы Серік Үмбетов, аудан әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ ғалымдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері қатысты. Семинар Ақши селолық округіндегі «Дәулет-Бекет» түйе шаруашылығында өтті. Семинарға қатысушыларға мал қораларын зарарсыздандыруға арналған арнаулы техникалар, тексеру-өлшеу құралдары, ветеринарлық дәрі-дәрмектер, малды емдеуге арналған аспаптар, сондай-ақ түйе сауатын жабдықтар көрсетілді. Бүгінде «Дәулет-Бекет» шаруашылығында 250-ден астам жылқы, 4 мыңдай қой, 300-ден астам сиыр мен 1300-дей түйе өсіріледі. Күн сайын шаруашылықта 1000 литр шұбат өндіріледі. «Облыстағы түйе басы мен шұбат өндірісінің 90 пайыздан астамы әзірге тек Іле мен Еңбекші аудандарының үлесіне тиесілі. Жалпы алғанда, біздің облыс бұл көрсеткіш бойынша республикада көш бастап келеді. Бұл бағытты ғылыммен тығыз байланыстыра отырып, дамыту керек», - дейді Серік Үмбетов.
Соңғы жаңалықтар