09:34, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматы облысында үгіт-насихат бригадалары жандануда
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жаңа жылдан бастап аймақта, өткен жылдардағыдай, жастардың үгіт-насихат бригадаларын жандандыру жөніндегі жұмысты бастау керек, деп мәлім етті сенбі күні өткен аймақ аграршыларының қорытынды кеңесінде Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов.
«Барлық аудандардың әкімдері қысқа мерзімнің ішінде өздерінде үгіт-насихат бригадаларын жасақтаулары керек. Олар алыс жайлау, қоныс-жайлардағы малшыларды концерттермен аралайтын болады», деді Серік Үмбетов өз сөзінде. Әкімнің атап көрсетуінше, мәдениет саласы малшылар үшін де жұмыс істеуі керек.