Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жарылыстың алдын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамдық тамақтану орнынан қою түтін будақтап жатқанын байқаған әскери қызметші жарылыстың алдын алу үшін газ балондары мен тез тұтанатын заттарды сыртқа шығарып, өрт сөндірушілер келгенше жалынмен жалғыз күресті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Оқиға 13 тамызда Алматы облысындағы Қаракемер ауылынан бірнеше шақырым жерде болған. Алайда, әскери қызметшінің бұл ерлігі жуырда ғана кафе иелерінің атынан бөлімге жеткен алғыс хат арқылы аян етіледі.

Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің қызметшісі, подполковник Бақыт Ташкенбаев отбасымен Есік елді мекеніне бара жатқанда жол бойындағы кафеден шыққан қалың түтінді байқайды. Офицер тоқтай қалып, бірден көмекке жүгіреді.

«Кафеде тек әйел адамдар ғана болды. Ең алдымен, түтіндеп жатқан ас үйге жүгірдім. Екі газ балонын далаға шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залы екен. Жиһазды шығардым, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», - дейді Бақыт Ташкенбаев.

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі құтқарушылар жеткенге дейін өртті алғашқы сөндіру құралдарымен өз бетінше өшіріп, эвакуациялық өткелдерді бөгде заттардан босатады. Өрт сөндіру командасы жеткеннен кейін де батылдығы мен кәсібилігін көрсетіп, көмегін жалғастырады.



Фото: t.me/POLICE_of_KZ



Соңғы жаңалықтар