Алматы облысында үш қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында өткен жылы үш қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ІІД бастығы, полиция генералы Жайлаубек Кембаев облыс әкімдігінде өткен алқа отырысы барысында хабарлады.
None
None

Оның айтуынша, қылмыстық топтардың қызметін тоқтату үшін көп күш жұмсалуда. «Талғар және Қарасай аудандарында 15 қылмыстық іс жасап, 7 млн. теңге көлемінде материалды шығын әкелген 6 адамнан құралған Нақысбеков қылмыстық тобының іс-әрекеті тоқтатылды. Панфилов ауданы тұрғындарына қатысты бес қарақшылық шабуыл жасаған Жолдасбеков қылмыстық тобының қылмысы анықталды. Аталған топтың мүшелері мен басшылары 3 жылдан 13 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды», - деді Ж.Кембаев.

Сонымен қатар екі және одан да көп адамды өлтіру қылмыстарының бәрі ашылды.

Ағымдағы жылы қылмысты анықтау қарқыны жақсы көрсеткішке жеткен. Қылмыскерлерді іздеу 85,4% -ды, із-түзсіз жоғалғандардың саны 89,2%-ды көрсетіп отыр.

Қырғызстандағы жағдайға байланысты сәуірдің 8-інен бастап Жамбыл және Райымбек аудандарындағы тұрақты бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлері кезекшілік атқарады.

Соңғы жаңалықтар