Алматы облысында ұсталған алаяқ жүк көлігінің жүргізушісін тонаған болып шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматыда ұсталған алаяқ Алматы облысында жүк көлігі жүргізушісінің 6 млн теңгесін ұрлау ісіне қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі атап өткендей, өңірдің полицейлері 12 қазанда Алматыда ұсталған алаяқтың Іле ауданындағы бірқатар қылмыстарға қатысы барын анықтады. Полиция хабарлағандай, 34 жастағы ер адам Алматы облысында болған қылмыстарға, атап айтқанда екі алаяқтық ісі мен бір ұрлық жасау фактісіне қатысты түсінік берді.

«Күдіктінің 25 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысынан Іле ауданына келген жүк көлігі жүргізушісінің тоналуына қатысы бары дәлелденді. Зардап шегушіге күш көрсету арқылы 6 000 000 теңгесін алған. Сондай-ақ, осы ауылдың тұрғындарына қатысты екі алаяқтық фактісі анықталды», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Қазір ұсталушы қамауда отыр. Полиция тергеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар