Алматы облысында үйлену тойындағы көлік жүргізушілерге айыппұл салынды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында үйлену тойындағы көлік жүргізушілерге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні Қарасай АПБ полицейлері Жандосов көшесінің бойымен келе жатқан үйлену тойының кортежіндегі ВМW, Mercedes, Ваз-2107, Ваз-21014 маркалы көліктердің төрт жүргізушісінен он әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 590-б. 5 б., 590-б. 2 б., 603-б.2 б., 612-б, 1 және 6 бөліктері бойынша тиісті хаттама толтырылды: «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу», «Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы».

Барлық төрт көлік айыптұрағына қойылды.



Соңғы жаңалықтар