Алматы облысында үйлердің 58%-ы ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуді қажет етеді

2015 жылы республикалық бюджеттен 8 үйде (Қаратал және Көксу аудандарында 1 үйден, Талдықорған мен Қапшағайда 3 үйден) жөндеу жұмыстарын жүргізуге 170,4 млн. теңге бөлінді.
Көксу ауданы мен Талдықорған қаласында жөндеу жұмыстары аяқталды, Қаратал ауданында және Қапшағай қаласында жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.
Бұрын жөнделген үйлердің пәтер иелеріне қаражаттарын қайтару жұмыстары тұрақты жүргізілуде, 2011-2015 жылдары 282,5 млн. теңге қайтарылды, соның ішінде Талдықорған қаласы бойынша қаражаттарды қайтару - 164,4 млн. теңгені, Қапшағай қаласында - 52,2 млн. теңгені, Текелі қаласында - 30,3 млн. теңгені құрады, «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-ға - 33,2 млн, теңге қайтарылды.
2016 жылға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті мен жер ресурстары басқармасына облыстағы 25 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 385,9 млн. теңге мөлшерінде қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім берілді.