Алматы облысында заңсыз жерді иеленуге қатысты 20 оқиға анықталды

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында басқарма мемлекеттік меншікті қайтару және игерілмеген жерлерді ауылшаруашылық мақсатында пайдалануға тарту ісіне баса назар аударады.
Алматы облысы коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жүргізілген тексеру нәтижесінде 2015-2016 жылдары облыста 331,2 мың га жердің пайдаланылмағандығы анықталды. Алайда, тиісті шаралар да қолданылды: 40,2 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды; 202,5 мың га жер игерілуге берілді; 13,4 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке тіркелген.
«Бірінші жарты жылдықта Алматы облысында 20 жер учаскелерін өз бетімен иелену дерегі тіркелген, бұл жерлердің жалпы аумағы 143,6 гектарды құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қолданылып, 5 785 950 теңге көлеміндегі айыппұл салынды және азаматтардың өз еркімен иеленіп алған жерлердің қайтарылуы басқарманың қатаң бақылауына алынды», - дейді Асқар Жолдоғытов.