19:55, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Алматы облысында жаңа амбулатория ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Жамбыл ауданының Жаңақұрылыс ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Амбулаторияның символдық кілті меңгеруші Бағдагүл Ерғалиға тапсырылды.

Ауыл тұрғындарын қуанышымен аудан әкімі Жандарбек Далабаев және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Марат Сүлейменов құттықтады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Салтанатты ашылуынан кейін қонақтар жаңа ғимараттың ішін аралап көрді, жаңа үлгідегі жабдықтармен танысты.
Жалпы, бұл медициналық мекеменің құрылысына бюджеттен 190 млн. теңге бөлінді. Бас мердігер - «Бекжан құрылыс» ЖШС.