Алматы облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданындағы Қызылту ауылында «Қызылту-4» дәрігерлік амбулаториясының ашылу салтанаты өтті.
None
None

Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев және Талғар ауданының әкімі Райхан Садықова қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жаңа амбулатория «100 мектеп, 100 аурухана» және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде салынды. Медицина мекемесінің құрылысына республикалық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «Ақсай» бас мердігер мен «Қарасай құрылыс» бірлескен мердігер компаниялары биылғы жылдың маусым айында бастаған болатын.

Екі қабатты ғимараттың жалпы алаңы - 49 мың шаршы метр, ол барлық халықаралық талаптарға сай салынған. Жаңа амбулаторияда 6 дәрігер, 23 медбике жұмыс істейді. Амбулатория жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған, әсіресе стоматология бөлмесінің жабдықталуына ерекше мән берілген. Мұнда процедуралық бөлме, терапевт, педиатр, хирург, стоматолог кабинеттері, сол сияқты қабылдау бөлімі мен күндізгі стационар да бар.

Соңғы жаңалықтар