Алматы облысында жаңа ірі тауарлы сүт фермасы іске қосылады
Бүгінгі таңда Қазақстан ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті сүт өндірмейді. Сондықтан заманауи технологиялар бойынша тұрғызылған, өте сүтті асыл тұқымды малы көп, малды байламай ұстайтын және сүтті өнеркәсіптік өндіретін ірі тауарлы сүт фермаларын (ТСФ) құру арқылы сүтті өнеркәсіптік өндіруді дамыту мәселесін шешу қажет. Тек осындай тәсілдеме ғана сүтті жыл бойы бір қалыпты өндіруге мүмкіндік беретін болады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ жеңілдікті талаптарда қаржыландыру ұсына отырып, осындай фермаларды құруға ынталандырады.
Қазіргі заман талабына сай қазақстандық ТСФ-ның бірі - Алматы облысындағы «Медеу коммерц» ЖШС. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 3 602 млн. теңге құрайды. Оның ішіндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ салған қаражаты 2 995 млн. теңге (83%), қарыз алушының меншікті өз қаражаты - 607 млн. теңге (17%). Жоба бойынша лизингке голштино-фриз тұқымының 780 бас ІҚМ, мал ұстауға және сүтті қайта өңдеуге арналған технологиялық жабдық сатылып алынған, бұзау қорасымен бірге сиыр қоралар мен көмекші қора-жайлар тұрғызылған, сондай-ақ жемшөп өндірісіне керекті ауыл шаруашылығы техникасы сатылып алынған.
Қазіргі сәтте ТСФ 2013 жылдың желтоқсан айында әкелінген 200 бас малдан сүт алуда. 2014 жылдың желтоқсан айында келіп жеткен 580 бас мал биылғы бұзаулай бастайды. Малдарды ІҚМ ұстау саласындағы жоғары білікті мамандар Голландия және Канада мамандарының берген кеңестері бойынша бағып күтеді. «Медеу Коммерц» ЖШС-де фермадан басқа 2000 гектар жемшөп алқабы мен сүтті қайта өңдеу цехы бар.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ тауарлы сүт өндірісі саласында барлығы жалпы сомасы 38 млрд. артық теңгеге 33 жобаны мақұлдады, оның ішіндегі компанияның қаржыландыру үлесі 27 жарым млрд. теңгені құрайды. Тауарлы-сүт фермаларының жиынтық жобалық қуаты шамамен жылына 150 мың тонна сүт.
Жалпы, бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингімен 39 млрд.теңгеден астам сомаға сүт тауарлы фермаларды құру бойынша 34 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Олардың жиынтық өндірістік қуаттылығы жылына 158,9 мың тонна сүт және сүт өнімдерін құрайды. Осы тұрғыда 1,1 мың жұмыс орындарын құру көзделген. Қазіргі уақытта жалпы құны 34,4 млрд.теңге сомасына 27 жоба іске қосылды, оның өндірістік қуаттылығы 146,7 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін құрайды.
Бұдан бөлек сүт тауарлы фермаларды дамытуды қолдау мақсатында және ҚР АШМ сүт шаруашылығын дамыту бойынша мастер-жоспарларына сәйкес республикада 200 бас ІҚМ арналған ірі СТФ және 50 мен 100 бас ІҚМ арналған шағын СТФ құру жоспарланған. «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2014 жылдың қыркүйегінде 50 және 100 бас ІҚМ арналған шағын СТФ дамытуға несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Осыған орай «Ырыс» бағдарламасының шарттары жасалып, бекітілді. 2014 жылы осы бағдарлама арқылы 1 034,5 млн. теңге сомасына 26 жоба қаржыландырылды, Берілген қаражат арқылы 224 адам жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек 2015 жылы 2 850,0 млн.теңгеге 80 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржыны жалпы құны 311,8 млрд.теңге сомасына 480 жобаны құрайды (15 мың жұмыс орнын құрумен). 223,5млрд.теңге сомасына 365 жоба іске қосылды немесе 76% (11,5 мың жұмыс орнын құрылды).
Алматы облысы АӨК-не байланысты 2014 жылы «ҚазАгро» холдингі компаниялар тобымен АӨК қаржыландыруға 18,2 млрд.теңге көлемінде сома бағытталды.
Алматы облысы бойынша инвестициялық қоржында 60,4 млрд.теңге сомасына 61 жоба бар, олардың пайдалануға берілуімен 2070 жұмыс орындарының құрылуы жоспарлануда. Оның бүгінгі күні жалпы құны 43,3 млрд. теңгеге 42 жобасы іске қосылды, 1998 жұмыс орнымен қамтылды.
Облыстың АӨК субъектілерін қолдауға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамындағы компаниялармен 2014 жылы 1744,3 млн.теңгеге 15 несиелік серіктестер қаржыландырылды, 2383,8 млн.теңге сомасына 860 шағын несиелер берілді.