Алматы облысында жаңа көпір пайдалануға берілді (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қарасай ауданының Қаскелең қаласында облыс әкімі Амандық Баталов Сүлеймен Демирель атындағы университеттің (SDU) қасында салынған жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің ашылуына қатысты.
None
None

Студенттер мен оқытушылар көпірді салу өтінішін әкімге 2014 жылдың соңында ЖОО қабырғасында өткен кездесу кезінде құлаққағыс еткен болатын. Құрылысшылар нысанды белгіленген мерзімнен ертерек - 2016 жылы емес, Жаңа жылдың қарсаңында тапсырды.

Ұзындығы 22 метр, ені 8 метр және екі жеделсаты орнатылған көпірдің құрылысына бюджеттен 113 млн. 104 мың теңге бөлінген. Тапсырыс беруші -облыстық жолаушылар тасымалы және автомбиль жолдары басқармасы, ал жобалаушы - «Алматы Жоба» ЖШС, техникалық қадағалауды «Алматы сапа инжиниринг» ЖШС жүзеге асырды.

Нысанның ресми атауы - «Қаскелең-Ұзынағаш автомобиль жолындағы жерүсті жолаушылар өткелі, Қаскелең қаласына кіреберіс».

Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қыркүйек айында басталған еді.

Көпірмен өткен Амандық Баталов университет ғимаратына кіріп, онда профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесуге қатысты.

Кездесуді Қарасай ауданының әкімі Амангелді Дәуренбаев ашып, жүргізді. Университет ректоры Месут Ақгүл аймақ басшысына алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар