Алматы облысында жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Айдын Нұрмұхамбетов облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Айдын Нұрмұхамбетов 1986 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист және құқықтанушы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Жетісу жастары» жастар орталығының кеңесшісі болып бастаған. Кейін «Жетісу жастары» жастар орталығының бас кеңесшісі, бөлім басшысы болды.

2012 жылдан «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» мекемесінің директоры.

Соңғы жаңалықтар