19:26, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Алматы облысында жемқорлыққа жол берген аудандық әкім сөгіс алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында жемқорлыққа жол берген Іле ауданының әкімі К.Медеуов сөгіс алды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облыстық департаменті ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес Іле ауданы әкімдігінің қызметкерінің жемқорлық қылмысын жасауына ықпалдасқан жағдайларды және себептерді жою бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс жолдады. Қызметкер жер учаскесін мақсатты пайдалануға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін шешу үшін 2 000 АҚШ доллары көлемінде ақша бопсалап, пара алған.
Облыс әкімінің бұйрығымен жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны және қылмыстың орын алуына жол бергені үшін Іле ауданының әкімі Медеуов К. Тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оған «сөгіс» жарияланды», - делінген ведомство хабарламасында.