Алматы облысында жеңгетайлық жасау күдігімен Ескелді ауданының тұрғыны ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жеделшілері Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінде жеңгетайлық жасау күдігімен Ескелді ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады.
None
None

 Ұйымдастырылған жедел шараларының барысында күдікті азаматша ақшалай қаражаттарды алу кезінде қолға түсті. Онымен бірге полицейлер сондай-ақ жезөкшелікпен айналысатын бес бойжеткенді ұстады.

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері жеңгетайлық жасаудың 20-дан астам және жезөкшелікпен айналысуға тартудың 2 оқиғасын анықтады.

Соңғы жаңалықтар