Алматы облысында жер сілкінісі тағы қайталанды

АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - «Алматы» ОСО-ның кезекші операторының хабарлауынша, «ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 16:03-те тағы бір жер сілкінісін тіркеді.
None
None

Оның ошағы Алматы облысының аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 19 шақырым жерде орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.6. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді.

28 қаңтардың түнінде болған күшті жер сілкінісінен бастап санағанда бұл аймақта тіркелген он үшінші жерасты дүмпулер болып табылады.

Соңғы жаңалықтар