16:45, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматы облысында жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облыс әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Күштібаев Марат Әлімқұлұлы Алматы облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Марат Күштібаев бұған дейін Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.