13:44, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Алматы облысында жергілікті тұрғын қару-жарақ арсеналын тауып алған
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қалалық ІІБ кезекші бөліміне қару-жарақтың табылуы туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына шұғыл жеткен Талдықорған қалалық ІІБ қызметкерлері бұл деректі растады. Олар аталмыш аумақты қоршауға алды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2 оқыту әуебомбасы, жарылғышсыз екі миномет снаряды, бір Ф-1 гранатасы, ірі калибрлі әуе пулеметінің 2 гильзасы және жиырма 5,45 мм калибрлі оқ табылды.
Қару-жарақтар әбден тозған. «Арлан» арнайы құрылымының саперлері бұл жерден Ф-1 гранатасын тапты. Кейін ол әскери полигонда жойылды.
Бүгінде қару-жарақтар Алматы облысы бойынша Әскери полицияға тапсырылды.